(KAZ) Республика еркін ел – Қазақстан !!!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Емдеу ісі – 72 топпен «Республика ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік шара өткізілді. Республика күнінің тарихы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан басталады. Қазақстан Республикасына ерекше ықпал еткен тарихи маңызы жоғары оқиғалардың бірі.Тәуелсіздік қай елдің болмасын басты игілігі. Баға жетпес құндылығы да сол! Ендеше біздің де тәуелсіздігіміз баянды болу үшін оны бастауы – Республика күні де ерекше маңызға ие болуы шарт. Әрине, алдымен оны жастарымыз ұғынуы керек. Ұлттық рухты көтеретін мереке деңгейіне көтерлісе құба-құп.