(KAZ) 21 желтоқсан күні “Әлеуметтік-экономикалық ” пәндер бірлестігі апталығы аясында ” Онлайн бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері” тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты:Студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, онлайн бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт – бағдар беру.Студенттердің бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой – өрісін арттыру.Сонымен қатар кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу болып табылады. Білім алушылар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты


