(KAZ) ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде өткен «Архивтегі аманат: Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан колледжіміздің студенті Абилгазим Альбина Мақсатқызының үздік деп танылған “Тәуелсіз ел дәрігері” атты ғылыми – зерттеу жұмысы сәтті қорғалып, І орын иеленді. Альбинаның жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Нұрпейісова Эльмира Серікбайқызы.Жүлдегер студентіміз бен білім алушыларды ғылымға баулып жүрген оқытушымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

