(KAZ) Тәртіп-басты назарда!
Колледждің ер балаларымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері профилақтикалық кездесу өткізді. Оған Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция майоры С.С.Алдонгаров қатысып “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жасады. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық, қылмыстың, топтасқан төбелестің жиі орын алып, адам өміріне денсаулығына да қауіп төндіріп отырғандығы айтылды. Жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз мәселені ақылмен, білімге құштарлықпен, жан- жақтылықпен шешкен жөн. Қоғам алдындағы негізгі міндет- қоршаған ортаға, қоғамға зиян келтірмеу керектігі де айтылып, қалалық полиция бөлімінің арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, білім алушылар мен маман арасында пікір алмасу болды. Жастарды еллің болашағы мен мәртебесін биіктетуге үлес қосып, бірігіп алға нық қадам басуға шақырды.