(KAZ) «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында балалардың эпостық жырларға құштарлығын арттыру мақсатында «Бабалар үні» тақырыбында танымдық акциясы өтуде.
Қызылорда медициналық жоғары колледжі 2024 жылдың 13 наурыз күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен Д-24 топ студенттерімен «Бес ғасыр жырлайды» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында Үмбетей жырау Тәттіқара жыраудың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып жырларынан үзінді оқылды. Әлбетте , қазақ жыраулары тарихи мәдени- құбылыс ретінде бір ғана жыл аясында пайда бола қалмағаны анық. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV- XVIII ғасырларға тән болғанымен , оның алғашқы бастаулары XV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғаны шүбәсіз.