(KAZ) КОЛЛЕДЖІШІЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
«Атом энергиясының пайдасы мен зияны» тақырыбында колледжішілік ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференцияның мақсаты білім беру бағдарламасы аясында студенттердің атом энергиясы жайында ғылыми- танымдық және зерттеушілік бастамасын дамыту, болашақ мамандардың өз саласындағы проблемаларды шешу қабілеттерін қалыптастыру. Конференцияға 13 студент қатысты. Оларға ғылыми жетекшілік жасаған колледж оқытушылары. Конференция нәтижесінде
“ҮЗДІК ЗЕРТТЕУ” жұмысы үшін берілген І ДӘРЕЖЕЛІ дипломға Стоматология мамандығының студенті Қайратқызы Ақнұр ие болды, жетекшісі тарих пәнінің оқытушысы Қындыбаева Жанна,
ІІ дәрежелі диплом екі студентке табысталды, олар Стоматология мамандығының студенттері Ерназар Диас пен Нағашыбай Бекзат, жетекшілері Сейтжанова Маржан, Жамалатова Гүлмира апайлар, ІІІ дәрежелі дипломдарға Емдеу ісі мамандығының студенттері Погорелова Ульяна мен Медетбаева Зарина ие болды. Жетекшілері Ибраев Бекнұр мен Абенова Жазира. Аталған жетекшілерге де білім алушыларды ғылыми бағыттарға даярлағаны үшін Алғыс хаттар табысталды