(KAZ) МЕНТОРЛАРДЫҢ БЕРЕРІ КӨП
«Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәндер бірлестігінде «Мейіргер-мерейлі мамандық» апталық аясында «Білім алушылардың клиникалық тәжірибеде кездесетін қиындықтарды шешу» тақырыбында Қызылорда қаласы емдеу мекемелері менторларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсатымыз: колледж білім алушылары арасында клиникалық сабақтан кейін туындайтын мәселелерді дер кезінде анықтау, сонымен қатар (болашақта) осы мәселелерді жою жолдарын әзірлеу. Тақырыпқа сәйкес білім алушылардан сауалнама алынып, сауаланама нәтижелері бойынша анықталған мәселелерге сәйкес шешімдер талқыланды.
Анықталған мәселелер бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің бас және аға мейіргерлері тұрғысынан болашақ мамандарды практикалық жұмысқа даярлауға, жақсартуға, медициналық алған білімдері мен дағдыларының сапасын арттыруға бірлесіп жұмыс жасалады.