(KAZ) Ашық сабақ
04.05.2024 жылы “Арнайы мейіргер ісі пәндер” оқытушысы, жас маман Махмут Қылышбек, Емдеу ісі 104 топ студенттеріне “Көктамырға дәрілік препараттарды енгізу және көктамырдан қан алу” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ аясында студенттер, теориялық білімдерін нығайтып, тәжірибе жүзінде өздерін дамыта білді.Тақырыпты түсіндірмес бұрын топ студенттерінен ұяшықтарды таңдау арқылы өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылды.
Студенттердің ойлау жүйесін дамыту мақсатында “Көктамырға иньекция жүргізу мен қан алу” техникасын “Сиам егіздері” әдісі арқылы көрсетті.
Сонымен қоса “Қол жуу” техникасында 1 минут ішінде орындап шықты.Жалпы сабақтың мақсаты іс машықтарды орындау кезінде білім алушыларды автоматизмге дейін жетілдіру.
Білім алушылар “Тарсия” әдісі арқылы тапсырма орындады.
Сабақтың қорытындысы “Word woll” бағдарламасы арқылы сұрақтар қойылып, студенттер бағаланды.
“Инсерт” әдісі бойынша сабақтың соңында Не білдім? Маған қызықты болғаны…. Не үйренгім келеді? сұрақтары қойылып әр студент бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын ашық айтып, ашық сабақты қорытындылады.