(KAZ) АШЫҚ САБАҚ-ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

04.04.2024 жылы “Арнайы мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Кемелбаева Гулаим Сапарбековна “Мейіргер ісі негіздері” пәнінен “Емдеу ісі”-104 топ,І топшасына

“Асқорыту жүйесінің функциялары бұзылған пациенттерге күтім жасау және бақылау жүргізу. Зертханалық зерттеуге материал алу және аспаптық зерттеуге пациентті дайындау” тақырыбында Ашық сабақ өтті. Сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде “Мейіргер ісіндегі модельдеу”әдісімен білім алушылар асқорыту жүйесінің моделін жасап келіп, оны қорғады. Жасанды интеллект Virbo.d.id.com технологиясымен жасалған сұрақтар қойылды.Тәжірибелік дағдыларды орындау кезеңінде білім алушылар дағдыларды орындап,чек- парақтармен бір- бірін бағалады.Жағдаяттық есептер, сөзжұмбақ, сәйкестендіру тапсырмалары, бос макетті толтыру тапсырмалары берілді, білім алушылар дұрыс жауаптарын тапты.Қорытындылау кезеңінде “Жасанды интеллект” Virgo.d.id.com технологиясын қолдана отырып, сұрақтарға жауап алынды. Оқытушы бүгінгі өткен тақырыпқа “Сауалнама” әдісімен білім алушылардан анонимді түрде жауаптар алып,сабақтың сапасын пайыздық көрсеткішпен шығарды. Бағалау парағы экранда ашық түрде есептеліп, әр кезеңнің бағасын білім алушы көріп отырды.Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.

You may also like...