(KAZ) БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛЛИНГТЕН САҚТАН!
11.05.2024 жылы сағ 11:00 Қызылорда қаласының полиция басқармасы, облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, колледж әкімшілігі мен бірлескен түрлі бағыттағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдыну алуда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. «Буллинг, кибербуллинг (баланы жәбірлеу)» құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу болды. Кездесуге Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны А.К.Досмаганбетов, колледж әкімшілігі, тәрбие, оқу бөлімі, колледж психолгтары, колледж заңгері, топ жетекшілер, жиынға «Емдеу ісі-1», «Емдеу ісі-2», «Фармация», «Мейірбике ісі» бөлімінің 1-ІІ-ІІІ курс білім алушылары қатысты. Кездесу барысында қазіргі ортада, жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, яғни әлімжеттік жасау т.б жиілеп отырғандығы айтылды.Буллинг әр түрлі мағынаны білдіреді. Адамды мазақ ету, қорлау, соқтығысу, жеке адамға қатысты заттарын тартып алу т.б көптеп кездесіп отыр. Сондықтан да қоғамда пайдасы бар, өз үлесін қосатын кәсіби жан- жақты маман иесі болуға, ат салысу керек. Ел болып, жасөспірімдерді жеке басты қорғауға, құндылыққа үйрету, бос уақытын дұрыс пайдалана білуге тарту қажеттілігі айтылды. Жалпы кездесулер, семинарлар, тренингтер, дебаттар, түрлі сайыстар өткізілу мақсаты заңсыздыққа жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.