(KAZ) «Өз көзіңмен көр»
28.05.2024 жылы Қызылорда облысының білім басқармасы,Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаментімен бірлескен жоспар негізінде, Қызылорда медициналық жоғары колледждің білім алушылары үшін «Өз көзіңмен көр» тақырыбында 2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс –шаралардың қоғамдық жоспарының аясында, «Облыстық психикалық денсаулық орталығы», жұмысымен таныстырылды. Орталықтың валеолог маманы К.Ж.Байдүйсенова кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу, психоактивті заттардың ағзаға теріс әсері, жалпы әлем бойынша алаңдаушылық туғызып отырған нашақорлық, ішімдік, темекі т.б зияны жайлы кеңінен түсіндіріліп, ішкі жұмыс орындары кестесі, тыныс-тіршілігінен біраз ақпараттандырылды. Балалар өз көзімен көріп, ойларымен бөлісті. Денсаулығымызды жақсарту- салауатты өмір салтын ұстанып, өз үлесіңді қоғам дамуына, қоғам денсаулығына белсенді қосуға шақыратыны айтылды.