(KAZ) 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Жыл сайын атап өтілетін бұл күн –Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылдан бастап әлем халықтарының назарын қоршаған орта мәселелеріне аса жауапкершілікпен қарауды шақыртуға бағытталады. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, оны болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттілігін түсіну – еліміздің әрбір азаматының міндеті.

Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күнінде республика аумағында әртүрлі шаралар, оның ішінде – аулаларда, адамдар демалатын орындарда, қала көшелерінде тазалық акциялары, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттер арасындағы шығармалар мен суреттер байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ табиғат сақшыларының «жасыл» концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады.

Осыған орай, бүгін 5 маусым күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жалпы кәсіптік пәндер-1» бірлестігінің пән апталығы бағдарламасы аясында 5 маусым – Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Медициналық экология» пәні бойынша «Таза орта – Салауатты ұрпақ – Жарқын өмір!» ұранымен колледж студенттерінің қатысуымен тазалық акциясы және жас суретшілер байқауы болып өтті.

Тазалық акциясына колледж директоры Ж.А.Калмакова, Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің Экология және ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссия төрағасы Болат Нұрқожаев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Е.Оразбеков, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Тазалық акция барысында «Мейіргер ісі» бөлімі М-128 топ студенттері колледждің «Ардагерлер Аллеясында» тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Ардагерлер Аллеясы» 2014 жылы 18 сәуірде Қызылорда медициналық жоғары колледжінің тарихындағы айтулы тұлғаларды, колледж түлектерін, медицина саласының ардагерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында ашылған болатын. Биыл «Ардагерлер Аллеясына» – 10 жыл толып отыр.

Сонымен қатар, «Таза орта – Салауатты ұрпақ – Жарқын өмір!» тақырыбында студенттер арасында жас суретшілер байқауы өткізілді.

Жас суретшілер байқауының жеңімпаздары колледж директорының Алғыс хаттарымен марапатталып, байқауға қатысушыларға экологиялық жергілікті таза өнімдер – жент, құрт, ірімшік жүлделі сыйлық ретінде табыс етілді.

Қаламыз жасыл желекке оранып, ауамыз таза, ұрпағымыз салауатты, өміріміз жарқын болсын!

You may also like...