(KAZ) ӘСКЕРИ – ПАТРИОТТЫҚ ОҚУ – ДАЛА ЖИЫНЫ
Патриоттық тәрбиенің жастар болашағы үшін маңызы зор. Білім алушылардың АӘТД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіріп, болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.
Осы мақсатта 1 курс білім алушыларына 3-8 маусым аралығында әскери патриоттық оқу далалық жиын болды. Онда жас өрендер -күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренді. Алғаш рет оқу қаруын қолданып, сарбаз міндетін сезінді.
Оқу-дала жиыны жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде практикалық сабақтар өткізілді.
Бүгін осы оқу-дала жиынының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. 5 күндік барысында көзге түскен белсенді жас сарбаздар марапатталды!
Болашақта Қазақстанның Қарулы Күштеріне аянбай қызмет етуге оқушыларымыз дайын деген сенімдеміз. Алға, Қазақстан жастары!