(KAZ) «Нашақор болмаудың 100 себебі»
«Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «GLOBAL» дебат клубының ұйымдастыруымен «Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында дебат турнирі болды. Дебат турнирін өткізу барысында басты мақсатымыз нашақорлықтың алдын алу және оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Кәмелет жасына толмаған балаларға бағыт-бағдар көрсетіп, білім алушыларды жаман әдеттерден сақтандыру. Колледж білім алушыларын жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Спикерлер нашақорлық тақырыбын жан-жақты талдап, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. Турнирге қатысқан фракциялар 1,2,3 орынмен және үздік спикер, үздік төреші номинациясымен марапатталды.