(KAZ) «Жемқорлық және онымен күрес»

Sorry, this entry is only available in Kazakh and Russian.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында студенттер арасында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында «Жемқорлық және онымен күрес» тақырыбында дебат турнирі болып өтті. Дебат турнирін өткізу мақсатымыз студенттердің жемқорлық туралы білімдерін шыңдау, жастардың ойлау қабілетін арттыру және өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету. Турнирді дебат клуб жетекшісі М.Ж.Тұрарбек студенттерге жемқорлық туралы мағұлмат берумен, студенттерге сәттілік тілеумен бастады. Одан кейін, турнирге қатысқан фракциялар бақ сынасты. Сөз соңында А.Жарылқасынұлы ойынды қорытындылап, білім алушыларға жемқорлықпен күресіп, сақ болуды атап айтты.Турнирге қатысқан студенттер марапатталып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша өз ойларын ашық айтып, сауатты жеткізе білді.

You may also like...