(KAZ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
2024 жылдың 12 қазан күні, Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Халықаралық конференцияның жұмысын қорытындылау мақсатында іс-шара болып өтті. “Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіби мамандарды даярлау мен кәсіби іске асырудың заманауи талаптары” атты Халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференцияның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқаны үшін, бір қатар қызметкерлерімізді Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан, колледж директоры Калмакова Жанар Амангелдіқызы барлығына алғысын айтып, марапаттады.