(KAZ) Ұл бала-Ұлт қорғаны!
Бүгін колледжіміздің ер жігіттеріне арналған «Ұл бала-Ұлт қорғаны!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Облыстық білім басқармасы «Тәрбие,спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Досаев Фархад Лиясұлы және Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі С.Сұлтан қатысты.
Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Тұтқабайқызы ашып, келген қонақтармен таныстыра келе, ұл баланың, ер азаматтардың қоғамдағы рөлі мен отбасындағы орны, ата-ана алдындағы парызы жайлы ойымен бөлісті. Одан кейін сөз алған «Тәрбие,спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархад Лиясұлы өзінің педагогикалық тәжірибесінде кездескен тағылымды өнегелерді мысал етіп, ұлдарды тәртіпке, білімге шақырды.
Болашақ ел қорғаны ретінде Сіздерге артылар жүк ауыр, Отан қорғаушы және әр отбасының тірегі болу міндеті жүктелгендігін тілге тиек етті.
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі С.Сұлтан облыс көлемінде ер азаматтар тарапынан болатын қылмыстарға тоқталып өтті.
Басты себебі: отбасындағы тәрбиенің және айналасындағы орта мен араласатын достарының дұрыс болмауы деп түсіндіре отырып, жастарды тек қана еңбекпен, пайдалы істермен айналысуға шақырды. Өз кезегінде құқық қорғау маманы ұлдардан анонимді анкетаға жауап алды.
Қатысушылар қоғамдағы ұл балдардың арасында болатын жайсыз, опық жегізетін қылмыстардың алдын-алуға арналған іс- шарадан маңызды ақпараттар алып,өз ойларымен бөлісті.