(KAZ) АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Отбасы-тәрбиенің ең тамаша мектебі!” тақырыбында, 200-ге жуық ата- аналардың қатысуымен жиналыс болып өтті.
Жиналыста колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Т. Молдраймова сөз алып, келген ата-аналарға колледж жайлы қысқаша ақпарат беріп, бүгінгі жиынның қонағы, облысқа белгілі жырау, «Болашақ» университеті Жастар саясатының басшысы Б. Р. Саймағанбетовты таныстырып өтті.
Сыргүл Тұтқабайқызы өз баяндамасында бала тәрбиесіндегі берік отбасының маңызын, ондағы әке мен анаға артылатын жауапкершілік жайын баяндады. Сондай-ақ биылғы жылы оқу-тәрбие процесіне енгізіліп жатқан” Біртұтас тәрбие” бағдарламасының мақсаты мен міндетіне тоқталды. Ары қарай, Берік Рахманұлы «Сыр сүлейлерінің жырларындағы-тәрбие өзегі» тақырыбында сөз қозғады. Уыстан шығып бара жатқан ұл мен қыздың тәрбиесінің тамыры ұлттық тәрбиеде жатқаныны туралы Сыр бойындағы сүлейлердің жырларынан келтірді.
Колледж психологы Жансауле Ерғарақызы ата-аналарға бала тәрбиелеудегі кездесетін қиыншылықтардың шешу жолдарын мотивациялық-тренингтер жасату арқылы көрсетті.
Шара соңында ата-аналар бала тәрбиесі жолында бірлесе жұмыс жасауға уәде беріп, ұстаздар қауымына абыройлы да жемісті еңбек тіледі.