(KAZ) “Жебе-2024”
29 қазан күні колледждің оқытушылары мен қызметкерлеріне Республикалық деңгейдегі «Жебе-2024» антитеррор оқу-жаттығу іс-шарасы жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді. 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтетін шараға колледж оқытушылары мен қызметкерлері, сондай ақ білім алушылардың іс-әрекетін колледждің өрт сөндіру, террористтік және техникалық қауіпсіздік инспекторы Сейт Асқар таныстырды. Мақсаты: оқу ғимаратындағы білім алушылар мен қызметкерлерді террористік қауіптерден сақтау. Осы бағытта әр үш сағат сайын оқытушылар мен техникалық қызметкерлер арасында кезекшілік ұйымдастырылады.
1. Кезекшілікке бекітілген қызметкерлерден оқу ғимаратының ішінде, сыртында аса мұқият болып кезекшілігін атқару;
2. Сырттан бөтен адамның корпусқа кірмеуін қадағалау;
Көрген жағдайда дереу күзетшіге хабарлау;
3. Бөтен адамның қолынан ешқандай заттарды алмау;
4. Оқу ғимаратының ішінде, сыртында қандай да бір күдікті сөмкелер, пакеттер, т.б заттар болса оған жақындамай, дереу күзетшіге хабар беру.
Қауіпсіздік шаралары жөніндегі барлық ақпараттар студенттердің WhatsApp чаттарына салынып отырады.