(KAZ) “Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттердің патронажын өткізу”
08.11.2024 жылы күні “Арнайы мейіргер ісі” пәнінің оқытушысы, жас маман Махмут Қылышбек ұйымдастыруымен “Қолданбалы бакалавр” 110 топ студенттері арасында “Дәрігерге дейінгі амбулаториялық қабылдауды жүргізу және пациенттердің патронажын өткізу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер, теориялық білімдерін нығайтып, тәжірибе жүзінде өздерін дамыта білді.Тақырыпты түсіндірмес бұрын топ студенттеріне БАҚА әдісі арқылы өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылды.
Білім алушыларға пациенттің бойын,салмағын өлшеу техникасы және функционалды жағдайларын бағалау техникалары көрсетілді.
Жеке жұмыс барысында студенттер бой мен салмақ өлшеу техникаларын көрсетіп,алынған нәтиже бойынша дене салмақ индекстерін есептеп шығарды.
Топтық жұмыс бойынша студенттер «Глюкоза», «Тонометр», «Термометр» атты 3 топқа бөлініп ситуациялық есептер берілді.
Ерекшелігі сол арада Жасанды интелект «CHATGPT» бағдарламасы ситуациялық есептерді дайындап берді.Сонымен қатар білім алушылар сит есепті шеше отыра, пациентке және оның туыстарына оқыту жұмыстары бойынша рөльдік ойын көрсетті.
Сабақ соңында студенттерге «Socrative» бағдарламасы арқылы тест жұмысы беріліп, бағаланды.
«Тамшы» әдісі бойынша сабақтың соңында Не білдім? Мен тағы да үйренгім келеді сұрақтары қойылып әр студент бүгінгі тақырып бойынша өз ойларын ашық айтып, сабақты қорытындылады.
Сабақты қорытындылау кезінде әр білім алушыға комментарии беріліп, қорытынды бағалары қойылды.