(KAZ) “Қимыл-қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары”
“Арнайы мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Пиржанова Айторы Алмасовнаның ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен “Қимыл- қозғалысы шектелген қарттарға үй жағдайында күтім жасау қағидалары” тақырыбында Е-80 топ білім алушылары арасында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында сабақтың мақсаты және нәтижелері білім алушыларға таныстырылды, заманауи бағдарлама, әдіс тәсілдер қолданылды. Үй тапсырмасы «Wordwall» программасы бойынша викторина әдісімен сұраққа жауап беру арқылы бағаланды.
Оқытушы презентация арқылы жаңа сабақ түсіндіріп,тасымалдау түрлерін стандарт бойынша көрсетті.
Жұптық жұмыс жүргізілу барысында білім алушылардың барлығы ситуациялық есеп арқылы стандарт бойынша көрсетіп,соңында “Sokrative” бағдарламасымен тест алды. Не білдім? Не білгім келеді? Бүгінгі сабақ қызықты өтті ма? деген сұрақтарға “Кері байланыс” әдісімен әр студент өз ойын айтты.
Ары қарай жаңа тақырып түсіндіріліп,ашық сабақ қорытыланды.