(KAZ) “Есірткі- ғасыр дерті”
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің “Мейіргер ісі” 12 топ студенттері арасында, оқытушы Оракбаева Гульназ Бахытбековнаның ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы айлық аясында “Есірткі- ғасыр дерті” тақырыбында топ сағаты өткізілді. Топ сағатының негізгі мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын екенін түсіндіру. Жастарды салауатты өмірді таңдауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға жан сұлулығы мен тән сұлулығын сақтауда өмірге деген көзқарастарын өзгерту. Сабақ барысында оқытушы бүгінгі тақырып қоғамдағы өзекті мәселе есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, жастарды Отансүйгіштікке, денсаулықты сақтауға шақырды..