(KAZ) ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНУ
Бүгін «MARKIZANT» заң компаниясының заңгерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелестің, нашақорлықтың, буллинг, кибербуллинг т.б құқық бұзушылықтардың алдын алу және зиянды әдеттерді болдырмау бағытында кеңес беру.
Кездесу қонақтары қаламызда «Жасөспірім» және «Абайлаңыз балалар» түнгі рейдтік шаралар бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Жастар мен жасөспірімдер арасында осындай іс-әрекеттер толассыз көбейіп жатқанын тілге тиек етіп, осы бағытта студенттерге құқықтық сауаттылықтарын арттыру үшін арнайы слайдтар көрсетілді.
Айта кетейік, «MARKIZANT» заң компаниясы қызметкерлерімен бұған дейін де салааралық бағытта жұмыстар жасалған болатын. Соны ескере келе, шара соңында компания өкілдері бірнеше оқытушылар мен білім алушыларға марапаттар табыстады. Алдағы уақытта да ынтымақтастық байланыс жалғасын табатын болады.