(KAZ) ТҮРКИЯДА ТӘЖІРИБЕ ЖИНАДЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 8 оқытушысы Турция мемлекетінің Ыстамбул қаласындағы халықаралық Medicana және Medipol Istanbul клиникаларында тәжірибе жинады.
5 күнге созылған іс-сапарда оқытушылар аталған клиникалардың базаларымен, орта буын медицина қызметкерлерінің құзыреттерімен танысты. Айта кететін жайт, Медипол Стамбул университеттік аурухана ретінде жалпы ауруханаларды, жүрек-қан тамырлары хирургиясын, онкологияны және стоматологияны қамтиды.
Іс-сапар мақсаты — Дамыған елдердің сапалы білім берудегі жетістіктерін зерттеп, тәжірибе жүзінде іске асатын және пайдалы болатын ақпараттарды іздеу, колледж базасында әзірленетін мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлықты енгізу мақсатында жобалар әзірлеу, жалпы орта буын мамандарының білім жетілдіру жұмыстарын халықаралық деңгейде жүзеге асыру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін Medicana және Medipol Istanbul клиникаларымен колледж халықаралық меморандумға қол қойып, алдағы бірлесе атқаратын жұмыстардың жоспары талқыланып бекітуге ұсынылды.
Іс-сапарда болған колледж оқытушылары клиникалық базалардағы хирургия, гинекология, педиатрия бөлімшелерінің және зертханалық зерттеулер жүргізетін зертханалардың, ота бөлмелеріндегі орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктерімен танысып, кәсіби тұрғыда көптеген ақпарат алды.
Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.