(KAZ) ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
«Емдеу ісі» мамандығының III курс білім алушылары арасында арнайы пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен “Медицинаға кіріспе қадам – Пропедевтикадағы Үздіктер” олимпиадасы ұйымдастырылды.
Мақсаты — «Емдеу ісі» мамандығы бойынша “Ішкі аурулар пропедевтикасы” пәнінен үздік білім алушыны анықтау, білімге және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын ояту, пациенттерді тексеру бойынша теориялық және практикалық білімді бекіту.
Олимпиада 4 кезеңнен тұрды. Білім алушылар іріктеу кезеңінде тест тапсырды, пациентті тексеру барысында қолданылатын қандайда бір тәжірибелік машықты көрсететін видеоролик дайындады. Мұнан бөлек, сурет арқылы клиникалық синдромды тауып, оны дәлелдеді.
Не?, Қайда?, Қашан? деген сұрақтарға жауап іздеп, бірге талдады.
Іріктеу кезеңңіне 5 команда өтіп, «Пропедевтикадағы Үздіктер» атағы үшін бақ сынады. Нәтижесінде 104-топ білім алушылары Балтабай Дильназ, Касымбек Нұрсая – «Пропедевтикадағы Үздіктер» атағын жеңіп алды. Сонымен қатар, 26-топтан Амандық Жанерке, Райсова Арай – I орын иеленді. 68-топ білім алушылары Бахтиярқызы Ақниет, Бисенбаева Ақбота жүлделі II орын иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды 121-топ білім алушылары: Жұмағалиқызы Асылжан, Темірбек Дамир және 105-топ білім алушылары Жақсылық Аида, Сәндібекұлы Батырбек жеңіп алды.