(KAZ) АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНАН АБАЙЛА!
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, инфекцияның алдын алуға арналған іс-шара өтті.
Мақсаты — АИТВ инфекциясы туралы қоғамның сауаттылығын арттыру, жұғу жолдары мен қорғану әдістерін түсіндіру.
Кездесуде мамандар студенттерге АИТВ-ның алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, тақырып бойынша пайдалы ақпараттармен бөлісті. Белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Бұл іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, маңызды ақпаратты кеңінен таратуға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.





