(KAZ) ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
«Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігінің «Жаратылыстану- ғылыми сауаттылық» атты апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру, алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Білім алушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту, оларды экологиялық мәдениетке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Апталық аясында «Қызықты тәжірибелер» атты топтар арасында бейне ролик конкурсы,
«Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір» атты көрме
«География » пәнінен «Ғаламдық экологиялық мәселелер» атты дөңгелек үстел, Биология пәнінен «Білгірлер отауы» атты топаралық сайыс
Химия пәнінен колледжішілік олимпиада және
«Кириешки, чипсы өнімдерінің адам ағзасына әсері» атты пікірталас өтеді.
Ашылу салтанатында білім алушылар мен оқытушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, әннен шашу шашты.