(KAZ) ТОПАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ
«Жалпы білім беру пәндері-1» бірлестігі ұйымдастырған «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» атты апталық аясында «Биология» пәнінен «Білгірлер отауы» атты топтараралық интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты — Биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білім алушылар арасынан биология пәніне ынталы, талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу. Білім алушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Бұл сайысқа төрт топ: Е-11, Е-61, Д-18, Д-29 топтарынан бес студенттен қатысты. Сайыс өте қызықты, әрі тартымды өтті. Көрермендер де жақсы көңіл-күймен қатысып отырды. Студенттер өз білімдерін, шеберліктерін, тапқырлықтарын, шығармашылық жұмыстарын жақсы көрсете алды.
Нәтижесінде «Білгірлер отауы» интеллектуалды топтар аралық сайысының жеңімпазы болып Е-11 «Эволюция» тобы 1 дәрежелі дипломмен, Д-29 «Биомеханика» тобы 2 дәрежелі дипломмен, Е-61 «Тіршілік зерттеушілері» тобы 3 дәрежелі дипломмен, ал Д-18 «Жасуша» тобы алғыс хатпен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Ергабулова Г., Қалиева А.