(KAZ) ӘРІПТЕСТІК: ТӘЖІРИБЕ МЕН ДАМУ
Қызылорда медициналық жоғары колледж директоры Калмакова Жанар Аманкелдіқызы Шымкент медициналық жоғары колледж директоры Абишев Ғалымжан Мотайұлымен кездесті.
Кездесуге Германиялық эксперт, фармацевт Конинг Тобиас және аталған колледж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанов Мейірбек Әлібекұлы және біздің колледж окытушысы, фармацевт Мақсат Жетпіс те қатысты.
Екі білім ордасының басшылары академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытып, студенттерге заманауи білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдермен бөлісіп, бірлескен жұмыстарды арттыруға келісті. Делегация сапары одан әрі Шымкент химиялық-фармацевтикалық зауытында жалғасты.
