(KAZ) ҚЫЗДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Сырғалым» клубы кезекті жиынын өткізді.
Жиынға Кызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб ның бастығы,полиция полковнигі Ахметова Ләззәт Сүндетқызы қатысты. Маман жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргүл Тұтқабайқызы мен сала мамандары тәртіп сақтау үлкен жауапкершілік екенін кеңінен айтты. Полиция қызметкері тақырып аясында ата-ана мен жасөспірімнің жауапкершілігін түсіндірді.
Ата-ананың міндеті түнгі мезгілде (23:00-06:00) баланы заңды тұлғасыз жүргізбеу. Әрбір ата-ана баланың әлеуметтік желіде кіммен байланысты, досы кім, немен айналысады т.б. соны бақылап отыруы керек. Оқу орнына кетті, оқу орны бақылайды деген пікір болмағаны дұрыс. Қазіргі заң талабына сәйкес қоғамдық ортада шылым шегіп қалдығын лақтырса, көшеде шемішке, басқа да заттардың қалдықтарын тастағаны үшін айыппұл төлеп шара көрінетіні жөнінде айтылды.
”Қазіргі жасөспірімдердің қалтасынан суық қарулар ( ұшы үскір заттар пышақ, ұстара, шеге т.б.) шығып, бір-біріне сұғып алу жағдайлары кездесіп, жарақат алып жатқан балалар кездесуде. Үйден оқушы шығар кезде ата-ана қадағалап жіберуі, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары болып табылады. Жасөспірімдерді беймезгіл уақытта жұмсауы дұрыс емес. Әр қыз баланы ата-ана тарапынан қадағалау күшейтілуі керек” деді Ләззат Сүндетқызы.
Жиында қазіргі белең алып отырған интернеттегі алаяқтардан сақтану жолдары жайында мағлұматтар берілді. Қылмыс жасаудан нәзік жандылар да қалысып жатқан жоқ, әсіресе алаяқтық, сенімге кіріп бөтеннің мүлкіне иелік ету, әртүрлі қылмыстар нәзік жандылардың қатысумен белең алып тұр. Бүгінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 70 жуық сотталған әйелдер есепте тұр. Сондықтан қазіргі таңда жас қыз балалардың осындай қылмысқа бармауына алдын алу қажет.

