(KAZ) ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Колледжде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, болдырмау жолдары» тақырыбында 1,2 курс білім алушыларымен кездесу өтті.
Оған Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Азиз Шагиров, Қызылорда қаласы полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ләззат Ахметова қатысты.
Мақсат қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстар, кейде олардың арты өкінішті жағдайларға әкеп жататынын баяндады. Сондай-ақ, жастар арасында мефидрон наркотикалық заттардың таралуы, оның тәуелділік пен үлкен қылмыстарға себеп болып жатуын түсіндірді. “Қорғану мақсатында” деген желеумен үшкір, атылатын заттарды алып жүруге болмайтыны ескертілді. Жасөспірімдерді буллинг пен кибербуллингтен, интернет алаяқтардан сақтануға шақырды. Бейбіт заманда топтық төбелестерге кірмеу керектігін, ең дұрысы түн мезгілінде үйде болу керектігін ескертті.




