(KAZ) «The best nursing team»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Арнайы пәндер-1 (ішкі аурулар)» ПӘБ оқытушылары және кешегі түлек, бүгінгі жас мамандар: Дастан Азамат Асылханұлы, Байтажиев Рамазан Русланұлы ұйымдастыруымен «Терапия мен неврологиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша «Мейіргер ісі» мамандығы 3 курс білім алушы топтар арасындағы «The best nursing team» сайысы өтті.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
«Терапия мен неврологиядағы мейіргер ісі» – теориялық білімді бағалайтын тест тапсырма(1,2,3, вариант 10 тест тапсырмадан).
* үй тапсырмасы – командалар «Қателіксіз мейіргерлік тәжірибе» тақырыбында өздерін және білімдерін еркін форматта (презентация, видеоролик т.б.)таныстырды.
* симуляциялық технологиясы бойынша «Анафилактикалық шок» кезінде алғашқы көмекті мейіргерлер команда болып көрсету.
Сайыс қорытындысы бойынша:
• III орынды М77, М78, М103 командалары өзара бөлісті.
• II орынды М84, М10 командалары иеленді.
• I орынды М83 командасы иемденсе,
• ал «The best nursing team» атағын М85 топ жеңіп алды.
Сайыс өз мәресені жетіп, қатысушыларға диплом мен сыйлық табысталды.