(KAZ) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде дәл осы тақырыппен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін құқықтық-сауаттылықты арттыру мақсатында студенттермен кездесу өтті.
Онда комплаенс-офицер Ы.Серік, тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б.Ералиев сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері және жемқорлық әрекеттері үшін көзделген заңдық жауапкершілік түрлері туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданған соңғы заңнамалық өзгерістер, құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру рәсімдері және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған тетіктер туралы мағлұмат берілді.
Шара соңында мамандар студенттер сұрақтарына жауап берді.
