(KAZ) “Еріктілер” жобасының қорытындысы ретінде дөңгелек үстел өтті.
Жобаның мақсаты — Қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету, Білім алушылардың сабақтан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, тәжірибелік дағдыларды машықтандыру және жастардың белсенділігін арттыру.
№ 1 емхана :• Амбулаториялық жағдайдағы паллиативті пациенттерге мейіргерлік күтім және паллиативті көмек ұйымдастыру.
Облыстық онкологиялық орталық:• «Паллиативтік көмек» бөліміне еріктілер тобының студенттері барып пациенттерге мейіргерлік күтім көрсетіп, ауыр хәлде жатқан пациенттерді тамақтандырып, гигиеналық күтім шараларын жүргізді.Нәтижелер:• Жобаға қатысушылар арасында еріктілер жұмысына деген қызығушылық артты.• Білім алушылар сабақта өткен теориялық білімдерін практика жүзінде дамытты.• Амбулаторлық және стационарлық жағдайдағы құжаттармен танысты.Жоба өз мақсатына жетіп, көптеген адамдардың өміріне жағымды әсер етті. Еріктілердің еңбегі арқылы қоғамда игі істер көбейді. Білім алушылар өз теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырды.