(KAZ) ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ШАҚЫРАДЫ
Қызылорда медициналық жоғары колледж студенттеріне мерзімді әскери қызметке шақыру ережелері, сарбаздардың тұрмыс жағдайы, азаматтық қорғау органдары қызметінің басымдықтары мен бағыттары, осы қызметтің беделі мен артықшылығы туралы ақпарат жеткізілді.
Үгіт-насихат іс-шаралары барысында студенттерге әскерден кейін жоғары оқу орнына түсе алатыны және грант ұсынатын оқу орындарының тізімі табыс етілді. Әскери бөлім туралы бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. Әрі қарай “сұрақ-жауап”әдісімен диалог жүргізілді.