(KAZ) КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЕСІРТКІ ОРТАСЫНА ТАРТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Осындай тақырыпта колледжде тәрбиелік мақсатта кездесу ұйымдастырылды. Шараға колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Молдраймова, заңгер Т. Нұрымбетов, биология пәнінің оқытушысы Г. Орақбаева және білім алушылар қатысты.
Нашақорлықтың алдын алу бағытындағы бұл профилактикалық кездесуде Сыргүл Тұтқабайқызы есірткінің адам өміріне тигізетін әлеуметтік және психологиялық зияны туралы баяндама жасады. Заңгер Т. Нұрымбетов кәмелетке толмағандарды есірткі ортаcына тартудың құқықтық салдары мен нашақорлыққа байланысты қылмыстық жауапкершілік жайында түсіндірме берді.
Ал биология пәнінің оқытушысы Г. Орақбаева уытты заттардың адам ағзасына келтіретін зияны туралы ғылыми деректерге сүйене отырып, нақты мысалдар келтірді.Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау