(KAZ) «Ұлт саулығы – ел байлығы» акциясы өтті
«Мейіргер ісі» бөлімі «Мейіргер мерейлі мамандық» атты апталығына орай «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің мұғалімдері Байтукаева Г.Р, Жармағанбетова Ғ.Б, Байтажиев Р.Р. ұйымдастыруымен «Отау Сервис» техникалық дүкенінде «Ұлт саулығы – ел саулығы» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — халық арасында денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықты күтуге, бағалауға насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Акцияға қатысушылардың функционалды жағдайын бағалады (артериялық қан қысымын, дене қызуын, тамыр соғысын), антропометриялық тексерулер (дене салмағын, бойын өлшеу) жүргізді. Халық арасында денсаулық құндылығы туралы түсінікті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулықты күтуге, бағалауға шақырып, брошюралар таратты.

