(KAZ) «БОПСАЛАУ — ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТ»
Бүгін осы тақырыпта Қызылорда ҚЖК бөлімінің бастығы полиция майоры Д. Бекенов, Кызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны А.Досмағанбетов, Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Т.Молдраймова 1 курс білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жасады.
Полиция майоры Д. Бекенов: «Бопсалау- ауыр қылмысқа жататынын, егер сізден мектепте немесе мектептен тыс жерде ақша талап етсе, қайда баруға болады» деген сұраққа жауап берді. Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері қозғалды.

