(KAZ) «ЗАҢ және ТӘРТІП» идеологиясы аясында құқықтық түсіндірме жасалды
Бүгін «ЗАҢ және ТӘРТІП» идеологиясы аясында колледж білім алушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Облыс прокуратурасының Басқарма прокуроры А. Оңдасын, ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны А.Досмағанбетов қатысып, кәмелетке толмағандар арасында болатын қылмыстар, нашақорлық, есірткі тектес заттар, уытқұмарлықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жүргізді.
Түнгі беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүру-бұл қылмысқа бейімдіктің көрсеткіші-деді прокурор А.Оңдасын. Сондай-ақ, құрдастар, топтастар арасында буллинг, әлімжеттілік, бопсалау әрекеттері орын алса полицияға немесе оқу орнының басшылығына хабарлау керектігін айтты.
Колледжінің аймақтық инспекторы А.Досмағанбетов ішкі және сыртқы тәртіп, ережелерді сақтауға шақырды. Қандай да бір әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін тағайындалатын жазалар туралы хабарлады. Кездесу соңында қоғамда тыныштық, елімізде бейбітшілік баянды болу үшін жастардың тәрбиесі мен мәдениеті маңыздылығын атап өтті.



