(KAZ) «Библиомарафон» зияткерлік ойыны
Колледж кітапханасының коворкинг орталығында студенттер арасында «Библиомарафон» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың оқырман белсенділігін арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану, жас ұрпақтың санасында кітап пен оқу мәдениетінің құндылығы мен маңызын қалыптастыру.
Ойынға «Емдеу ісі» бөлімінің 82-топ студенттері қатысып, «Ұшқын» және «Тапқырлар» атты екі топ өзара сайысқа түсті. Шара барысында қатысушылар ойын ережесімен таныстырылып, түрлі тапсырмалар орындады. Жеңімпаз топ арнайы марапатқа ие болды.


