(KAZ) «Колледждегі оқу апталығы» фестивалі
“Оқуға құштар колледж” жобасын жүзеге асыру аясында колледж кітапханасының ұйымдастыруымен Ғабиден Мұстафиннің “Шығанақ” шығармасына арналған талдау сабағы өткізілді. Іс-шараға «Мейіргер ісі» – 42 топ студенттері белсене қатысты.
Шығанақ романы – қазақ әдебиетінде еңбек адамын ардақтап, қарапайым шаруа бейнесін биік деңгейге көтерген ерекше туынды. Ғабиден Мұстафин бұл шығарма арқылы еңбек пен патриотизмді ұштастырып, адам еңбегінің қадір-қасиетін терең ашып көрсетеді. Шығанақ бейнесі – елге адал қызмет еткен, маңдай терімен жетістікке жеткен еңбек адамының символы.
Іс-шара барысында студенттер шығарма кейіпкерлеріне талдау жасап, басты ой мен тәрбиелік маңызын талқылады. Роман жастарға еңбекқорлық пен табандылықтың, адамдық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетеді.

