(KAZ) ТІЛДЕР АПТАЛЫҚ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде
Жалпы ізгілендіру пәндері бірлестігінің ұйымдастырумен 3 қараша – 7 қараша аралығында Тілдер апталығы өтуде.
Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайысқа барлығы 20 студент қатысып, өздерінің шешендік қабілеттерін, көркемсөз оқу өнерін және Абай шығармаларына деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Нәтижесінде:
I орын – Құттыбай Аяжан (33 топ)
II орын – Ерланқызы Қазына (43 топ), Нұрланқызы Ақторғын (86 топ)
III орын – Сәруар Ақниет (86 топ), Серік Ақниет (54 топ), Әбу Нұрдәулет (55 топ)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Абай мұрасын дәріптеп, ана тіліміздің құдіретін сезіндіруде белсенділік танытқан барлық жастарға алғыс білдіреміз. Апталықтың барлық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.









