(KAZ) Тілдер апталығы аясында 2025 жылдың 6 қарашасында “Learning English – discovering cultures”поэтикалық кеші өтті
Тілдер апталығы аясында 2025 жылдың 6 қарашасында “Learning English – discovering cultures”поэтикалық кеші өтті.
Іс — шара көрнекті ақындар-Абай Құнанбайұлы мен Уильям Шекспирдің шығармашылығымен танысу арқылы студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Іс-шараның мақсаттары:
Абай мен Шекспир поэзиясы арқылы рухани және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу;
* екі халықтың әдеби байланыстары мен мәдени параллельдерін көрсету;
* поэзия мен көркем сөзге деген сүйіспеншілікті дамыту.Кеш барысында колледж студенттері ұлы ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көріп, ағылшын тіліндегі викторинаға қатысып, өздерінің тілдік дағдыларын көрсетті.
Студенттер Абай мен Шекспирдің шығармаларын классикалық әлемдік поэзия әлеміне еніп, ағылшын тілінде мәнерлеп жатқа оқыды. Іс-шара қатысушыларға шабыт сыйлады, олардың мәдени көкжиегін кеңейтті және адамзаттың ең ұлы екі ақынының рухани мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.









