(KAZ) ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныбы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Шараның мақсаты – педагогтардың ЖИ құралдарын тиімді қолдануын дамыту, оқыту сапасын арттыру және цифрлық мәдениетті қалыптастыру.
Шеберлік сыныбына өңірдің бірнеше оқу орындарының тәжірибелі педагогтары қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Боранбаева Жұлдыз – «Білім беруде жасанды интеллекттің мүмкіндіктері»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушылары:
Асайынова Үмітай Тұралықызы – «Анатомия пәнін оқытуда ЖИ-дің рөлі»
Сеилханова Каламкас Нұрханқызы – «Жасанды интеллект: жаңа дәуірдің тынысы»
Махмутов Қылышбек Жеткергенұлы – «Білім берудегі ЖИ: теориядан практикаға»
Дастан Азамат Асылханұлы – «Оқу үдерісіндегі ЖИ: технологиялар мен тәжірибелер»
Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің оқытушылары:
• Мүсірәлі Бекзат Бауыржанқызы – Google Gemini мүмкіндіктері
• Қуанышбаева Лилия Джалильевна – ЖИ білім беру саласында
• Мәуленова Таңшолпан Сәкенқызы – ЖИ оқыту платформалары
«Кәсіптік білім беру» бөлімінің әдіскері Тоқтықбаева Газиза Нұрлыбекқызы ЖИ қолданудағы қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелерін ерекше атап өтті.
Бұл шара педагогтердің кәсіби өсуіне, ЖИ технологияларын тиімді қолдануына бағытталған маңызды тәжірибе алаңы болды.
Семинарды ұйымдастыруға бастамашы – колледж әдіскері Сейілханова Айгерім Әкімтайқызы.
Шеберлік сыныбы соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.



















