(KAZ) АҚУЫЗДАР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ САБАҚ
80-топ медико–профилактикалық іс мамандығында химия пәні бойынша “Ақуыздар” тақырыбына ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында әртүрлі цифрлық платформалар мен заманауи технологиялар қолданылды: Виртуалды лаборатория, LearningApps, Wordwall.net, STEM технологиясы, JeopardyLabs, Fliki.ai жасанды интеллекті. Сонымен қатар жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға ақуыз молекуласының құрылымдық деңгейлерін ажырата білуді үйрету, олардың химиялық қасиеттеріне байланысты реакция теңдеулерін дұрыс жаза алу дағдыларын дамыту. Сонымен бірге сапалық реакциялар арқылы ақуыздарды анықтау дағдыларын қалыптастыру, ақуыздың медицинадағы рөлін түсіндіру арқылы теориялық білімдерін кеңейту көзделді.
Зертханалық тәжірибе жұмыстары арқылы бақылау, талдау және қорытынды жасау дағдылары жетілдірілді. Білім алушылар ақпаратпен жұмыс істеу, кесте мен сызбалар арқылы білімін жүйелеу қабілеттерін дамытты. Сабақ барысында табиғатты қорғауға және ғылыми танымға құрметпен қарау, ұқыптылық пен қауіпсіздік техникасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді.













