(KAZ) МАТЕМАТИКАДАН «БІЛІМДІГЕ БИІКТЕН ОРЫН» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ
«Жалпы білім беретін пәндер – 2» бірлестігінің
«XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығы аясында математика пәнінен «Білімдіге биіктен орын» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушыларға кезек-кезек қызықты логикалық сұрақтар мен есептер ұсынылып, дұрыс жауап берген топтар ұпай жинады. Студенттер өздерінің математикалық білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
I орын – Әділханов Жеңіс, Ерсары Мадина
II орын – Аманжан Алтай, Мырзағалиев Досымжан, Мырзағали Мерей, Пернебекова Нұрсила
III орын – Сералы Әмина, Бегімбаева Аружан
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, сайыс қатысушыларына алғыс білдірілді. Іс-шара студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытып, математика пәніне деген қызығушылығын арттырды.









