(KAZ) СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА ДӘРІСТЕР ӨТТІ
Симуляциялық орталықта медицина қызметкерлері мен студенттерге арналған тәжірибелік дәрістер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Оқытудың басты мақсаты – практикалық дағдыларды қалыптастыру, оларды автоматизм деңгейіне дейін жетілдіру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Симуляциялық оқыту нақты клиникалық және қауіпті жағдайларға барынша жақын модельдер арқылы жүргізіледі. Бұл тәсіл:
– кәсіби қателіктерді азайтуға;
– жедел шешім қабылдауға;
– командада жұмыс істеу мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Орталықта мамандар заманауи құрал-жабдықтармен :
Пирогов интерактивті анатомиялық үстелі,
AkademiX 3D виртуалды пациенттері,
AkademiX VR тренажерлері,
Процедуралық, жедел көмек, шок, жарақат және коммуникативті дағдылар бекеттерінің жұмысымен танысты.
![]()
Облыстағы медициналық ұйымдардың мамандары қатыстып, клиникалық жағдайларды қауіпсіз ортада пысықтап, диагностикалық және емдік манипуляцияларды меңгерді.
Симуляциялық орталық – сапалы медициналық білім мен үздіксіз кәсіби дамудың сенімді алаңы!















