(KAZ) Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі
Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі
Бүгін «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Емдеу ісі, Стоматология және Мейіргер ісі мамандықтарының 1-курс, кәмелет жасқа толмаған білім алушыларына арналған құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірме кездесуі өтті.
Кездесу барысында колледж инспекторы, ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны А. Досмағанбетов Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік заңнамалары бойынша құқықбұзушылық орын алған жағдайда жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қолданылатын жауапкершілік түрлерін жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» қағидасының маңызына тоқталып, білім алушыларды заңды сақтауға, тәртіпті болуға және құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!












