(KAZ) Ашық сабақ өтті
«Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Бәйтәжиев Рамазан Русланұлы
«Медициналық әлеуметтік оңалту. Педиатрия және акушериядағы оңалту негіздері» тақырыбында Е-69 топ (1 топша) білім алушыларына ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында заманауи цифрлық әдістер тиімді қолданылды. Үй тапсырмасы «Wordwall» платформасы арқылы бағаланып, студенттер ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді.
Келесі кезеңде білім алушылар «Кім жылдам» ойыны арқылы суреттермен жұмыс жасап, өз білімдерін көрсетті.
Оқытушы жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндіріп, практикалық бағытта көрсетілім жасады. Сабақ соңында білім алушылардың білім деңгейі «Quizizz» бағдарламасы арқылы тестіленіп, кері байланыс «Бинго» әдісімен аноним түрде алынды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артты.









