(KAZ) «Білім, Ғылым, Медицина» тақырыбындағы ғылыми – теориялық конференция
2023 жылдың 17 мамыр күні колледжішілік «Білім, Ғылым, Медицина» тақырыбындағы ғылыми – теориялық студенттер конференциясы болып өтті. Конференцияға колледждегі пәндік үйірмелерде талқыланатын мәселелер негізіндегі өзекті тақырыптар талқыланды. Конференцияға қатысу үшін 16 өтініш келіп түсті.
Конференция жұмысына сарапшылық жасағандар:
1. Жундабекова С.С.-директордың орынбасары;
2. Сейтова А.А.-директордың орынбасары;
3. Айжанова Г.С.-әдіскер;
4. Махамбетова А.Ж.-оқытушы.
5. Конференцияның ашылуында директордың орынбасары Абдиканиева Б.Е. сөйлеп, зерттеушілік жұмыстардың маңызы мен өзектілігіне тоқталды, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференцияның материалдарына қойылатын талаптар:
-Материалды көрсетудің анықтығы мен қолжетімділігі;
– Жұмыс тақырыбының оның мазмұнына сәйкестігі, әртүрлі дереккөздерді пайдалануы;
-Жұмыстың өзектілігі мен практикалық бағыты, зерттеу тереңдігі;
– Автордың эрудициясы, жұмыс тақырыбы бойынша әртүрлі көзқарастарды шебер қолдану;
-Зерттелетін мәселеге өзіндік көзқарасы, талдауы және проблема бойынша қорытынды жасау;
Конференция екі бағытта жұмыс жасады:
1.Жалпы білімдік пәндер бағытында;
2. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бағытында:
Конференция нәтижесінде төмендегі авторлар мен жетекшілердің жұмыстары марапатқа ие болды:
Жалпы білімдік пәндер бағыты бойынша қатысқан 7 жұмыстың 4-і орынға ие болды:
І-орын/ Менлаев Рамазан/ «Лекарское дело и укрепление здоровья в произведениях русской литературы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы Жет:Нуратова Гүлмира;
ІІ-орын Нағашыбай Диьназ/Омаров Ернияз Омарұлы- Сыр медицинасының атасы/ Жет: Қындыбаева Жанна;
ІІ-орын Бағлад Нұрдана/ Таңғажайып Бұзаубас жәндігі/ Жет:Оракбаева Гульназ
ІІІ-орын Бақыт Жанерке/ «Гаджеттің адам ағзасына тигізетін зияны мен адамға және қоғамдағы алатын орыны» Жет:Жамалатова Гүлмира
ІІ орын екі қатысушыға берілді, себебі Бағлад Н., Нағашыбай Д. Баллдары бірдей болуына байланысты;
Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бағыты бойынша қатысқан 9 жұмыстың 3-і орынға ие болды:
І –орын жетекшісі Акимниязова Н.Д.
ІІ-орын Аман Адина/Ауыз қуысының шырышты қабығына пластмассалы протездің әсері/ Жет:Тұрсынбай Несібелі
ІІІ-орын Адина Ақерке/ №3 қалалық емханадағы қант диабетімен ауыратын науқастарға аяқ күтімін жүргізуде мейіргердің рөлін бағалау/Жет:Сайм Ләйлә
Конференция соңында жеңімпаздарды директордың орынбасарлары Жундабекова С.С., Сейтова А.А. марапаттады. 16 қатысушының 7-уі жүлделі орындар иеленсе, қалған қатысушыларға сертификат табысталды.